Қазақстанда сәуірде ауа райы қандай болады?

Apr 3, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қазгидромет синоптиктері 2025 жылдың сәуіріне арналған ауа райы болжамын ұсынды,- деп хабарла

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет синоптиктері 2025 жылдың сәуіріне арналған ауа райы болжамын ұсынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәуірде күн жыли түседі. Көпжылдық деректерге сәйкес,айдың бірінші онкүндігінде елдің солтүстігінде тәуліктік орташа ауа температурасы 0 градустан өтіп,оң мәнге көтеріледі,ал оңтүстікте +10 градустан асады.

Сәуірдің бірінші онкүндігі

Сәуірдің бірінші онкүндігінде елдің солтүстік бөлігінде түнде жауын-шашын күтіледі,жаңбыр қарға айналуы,көктайғақ болуы мүмкін,күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік аймақтарда найзағай соғып,жаңбыр жауады деп болжанады. Республика бойынша жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді,ал түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі ықтимал.

Сәуір айындағы температуралық ауытқулар мынадай болады:

Батыс Қазақстанда: түнде +8...+13 градустан -3...+8 градусқа дейін,күндіз +18...+25 градустан +11...+16 градусқа дейін,оңтүстік-батыс облыстарында күндіз ауа +20...+28 градусқа дейін жылынады.

Солтүстік-батыс,солтүстік,орталық және шығыс аймақтарда: түнде -5...+5 градустан +3...+8 градусқа дейін,күндіз +8...+13 градустан +15...+22 градусқа дейін.

Оңтүстік аймақтарда: түнде +2...+10 градустан +10...+15 градусқа дейін,күндіз +18...+25 градустан +25...+30 градусқа дейін.

Оңтүстік-шығыста: түнде -5...+5 градустан +7...+12 градусқа дейін,күндіз +12...+20 градустан +18...+27 градусқа дейін.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігі

"Сәуірдің екінші онкүндігінде елдің солтүстік бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін,ал үшінші онкүндікте негізінен жаңбыр жауады",- деді синоптиктер.

Қазақстанның көп бөлігінде түнде +5...+13 градустан -3...+5 градусқа дейін,күндіз +15...+25 градустан +8...+13 градусқа дейін температуралық өзгерістер күтіледі.

Оңтүстік және батыс өңірлерде күндіз ауа +23...+32 градусқа дейін жылынады,бірақ кей күндері +10...+18 градусқа дейін салқындауы мүмкін.