ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚМА Шымкент бойынша департаменті Nazira Gold қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚМА мәліметінше,өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40 пайыз көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген.
"Алайда,шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес,жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған. Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған.
Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер,тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған",- делінген хабарламада.
Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 келі алтын бұйымдар тәркіленген.
Күдіктілер екі айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес,басқа ақпарат жарияланбайды.