ПОДЕЛИТЬСЯ
Қай республикалық тасжолдарда қозғалыс шектелген? "Қазавтожол" толық ақпарат берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2025 жылғы 14 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 3 облыстағы 13 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақмола облысы:
"Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы" автожолының 856-893 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы-Новокиенка ауылы),
"Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 553-595 шақырым аралығы (Сұрған ауылы Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін),
"Көкшетау -Рузаевка" автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан-Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін),
"Астана- Петропавл" автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы-СҚО шекарасы),
"Көкшетау-Омбы" автожолының 2-50 шақырым арылығы (Көкшетау қаласы - СҚО шекарасы).
Қостанай облысы:
"Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 686-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
"Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан би ауылы);
"Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы"- автожолының 797-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы);
"Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 595-673 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы - Тоқсан Би ауылы);
"Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы" автожолының 0-32 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Тимирязево ауылы);
"Көкшетау -Рузаевка" автожолының 61-196 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы - Рузаевка ауылы);
"Қарасай батыр м.к. кіреберіс" автожолының 0-24 шақырым аралығы (Саумалкөл ауылы-Қарасай м.к.);
"Астана- Петропавл" автожолының 341-367 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы - Келлеровка ауылы);
Көкшетау-Омбы" автожолының 50-85 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы - Чкалова ауылы).
Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 197 арнайы техника мен 297 маман жұмылдырылғаны айтылды.