“Бір адам бірнеше рет алған“. Тоқаев марапаттарды ретке келтіруді тапсырды

Mar 15, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың IV сессиясында сөйлеген сөзінде Қаз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың IV сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстанда марапаттарды ретке келтіруді тапсырды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Біз соңғы жылдары мемлекеттік наградалар мәселесін қайта қарап,бір жүйеге түсірдік. Енді ведомстволық (мекемелік) марапаттарды ретке келтіру қажет. Мемлекеттік органдар бұл жұмысты назардан тыс қалдырды. Нақты ереже жоқ,бәріне ортақ мәліметтер қоры да жоқ. Соның кесірінен кейбір марапаттар орынсыз таратылып жатыр. Тіпті,бір мемлекеттік органның төсбелгісін бір адам бірнеше рет алған жайттар да кездеседі.

Ведомстволық награда – нағыз білікті мамандарға ғана берілетін,сол арқылы кәсіби мәртебені көтеретін маңызды награда. Бұған бей-жай қарауға болмайды. Сондықтан мекемелік марапаттардың бірыңғай стандартын және тізімін жасау қажет. Әрине,әр мекеменің өз ерекшелігін ескерген жөн. Бірақ бәріне ортақ ұстаным болуы керек. Құзырлы органдарға осы шаруаны қолға алуды тапсырамын",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.