ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚМА Қырғызстанға АИ-92 маркалы бензинін заңсыз шығарумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Олар АИ-92 маркалы бензинін Қырғыз Республикасына заңсыз шығарып,сатып отырған.
"Тергеу барысында күдіктілердің Қазақстан аумағында бензинді еріткіш және дистиллят ретінде рәсімдеп,жалған құжаттар арқылы шекарадан заңсыз өткізгені анықталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында "Түрксіб" станциясында заңсыз жолмен жөнелтілген 500 тоннаға жуық бензин тиелген 8 теміржол цистернасы ұсталды. Жүк "Қара Май Ойл" шағын мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілген және Қырғызстанға бағытталған",- делінген хабарламада.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес,2023-2024 жылдары аталған шағын зауыттан 102 мың тоннадан астам мұнай өнімдері көрші мемлекетке экспортталған. Алдын ала есеп бойынша,қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы соңғы екі жылда 15,5 миллиард теңгеден асып түскен.
Аталған іс бойынша үш күдіктіге мемлекетаралық іздеу жарияланды:
Попов Алексей Александрович,27.04.1987 жылы туған,Қазақстан Республикасының азаматы,Жамбыл облысы,Тараз қаласының тумасы,бұрын сотталмаған;
Ибраимов Рахымжан Маматұлы,29.01.1996 жылы туған,Өзбекстан Республикасының Чартак қаласының тумасы,бұрын сотталмаған;
Сағындықов Серік Ерланұлы,29.07.1987 жылы туған,Жамбыл облысының тумасы,бұрын сотталмаған.
Оларға "камаққа алу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.