Дубай шоколадын сатамын деп жұртты алдаған адам сотталып кетті

Jan 11, 2025 IDOPRESS
Астанада Дубай шоколадын сатамын деп жұртты алдаған адам сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

"А. есімді адам Дубай шоколадын сатамын деп жәбірленушілерді адастырып,бірнеше рет олардың ақшаларын иемденген. Осылайша,ол 10 жәбірленушінің 301 020 теңге көлеміндегі ақшасын жымқырған",- делінген хабарламада.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен,банк аударымдарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді. Прокурор күдіктіге 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен А. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылды,оның 3 жылға бас бостандығы шектелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік,біраз уақыт бұрын Дубай шоколады әлеуметтік желіде трендке айналып,бағасы күрт өсті.