Ресейде Қазақстанның тоғыз азаматы жантүршігерлік апатқа ұшырап, оның екеуі қаза тапты: Кеше, 16:55 - жаңалықтар Tengrinews.kz

Jan 8, 2025 IDOPRESS
Ресейдің Самара облысындағы Самара - Большая Черниговка тасжолының 101-шақырымында Қазақстанның тоғыз азама

Ресейдің Самара облысындағы Самара - Большая Черниговка тасжолының 101-шақырымында Қазақстанның тоғыз азаматы жол апатына ұшырады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейдің Самара облысындағы Самара - Большая Черниговка тасжолының 101-шақырымында Қазақстанның тоғыз азаматы жол апатына ұшырады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты туралы ақпарат 5 қаңтарға қараған түні түскен. Апат салдарынан жеті қазақстандық зардап шекті,екеуі қайтыс болды,олардың мәйіті Қазақстанға жеткізілді.

7 қаңтар күні таңертең зардап шеккен жеті адам,оның ішінде екі бала жедел жәрдеммен Оралдағы қалалық және облыстық көпсалалы ауруханаларға жеткізілді.

Апаттан зардап шеккендерде мидың шайқалуы,аяқ-қолдардың,жамбас сүйектерінің,омыртқаның сынуы,көгеру,гематома және орташа ауырлық дәрежесіндегі көптеген жарақаттар тіркелді.

Бұл операцияға төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 23 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды. Автоколоннаны Оралдан шекара өткеліне дейін және қарсы бағытта алып жүру үшін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.