Тоқаев Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Dec 25, 2024 IDOPRESS
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тіл

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап,бауырлас Әзербайжан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан қатынастарын дамытуға қосқан Ильхам Әлиевтің елеулі үлесін жоғары бағалады.

Президенттер екіжақты ықпалдастықтың қарқыны жоғары екенін атап өтіп,сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

Әсіресе,жоғары деңгейдегі сапарлар кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.