Саяхат жасау

Бұрқасын және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Dec 11, 2024 IDOPRESS

Синоптиктердің болжамынша,11 желтоқсанда елдің кей өңірінде тұман түсіп,екпіні күшті жел соғады,ал кей өңірде аяз болады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының солтүстігінде,шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан,оңтүстіктен жел соғады,облыстың батысында,солтүстігінде екпіні секундына 15-20,күндіз кей уақыттарда 23 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде,батысында,орталықта тұман түседі.

Ақмола облысының батысында,солтүстігінде,шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады,түнде облыстың батысында,шығысында екпіні секундына 15-20,күндіз 15-20,шығысында екпіні 25 метрге жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде,таулы аудандарында 25-27 градусқа дейін қатты аяз болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде,таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Павлодар облысының солтүстігінде,шығысында,орталығында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады,облыстың солтүстігінде,оңтүстігінде күші 15-20,екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Абай облысының батысында,орталығында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан,оңтүстіктен соғады,таңертең және күндіз облыстың батысында,орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде,шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде,шығысында жаяу бұрқасын. Жел шығыстан,оңтүстік-шығыстан соғады,күндіз облыстың солтүстігінде,шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында,шығысында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады,күші секундына 15-20,оңтүстігінде,шығысында екпіні 25 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады,оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының батысында,оңтүстігінде көктайғақ,тұман түседі.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады,таңертең және күндіз күші екпіні секундына 15-20,күннің екінші жартысында 23 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде,таулы аудандарында тұман түседі.