Қазгидромет Астана,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2024 жылғы 29 қарашада Алматы,Астана,Ақтөбе,Өскемен,Семей,Риддер,Қарағанды,Теміртау,Балқаш,Жезқазған,Павлодар,Көкшетау және Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді",- делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы,жеңіл жел,тұман,инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.