Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын болжады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
20 қарашада Астанада көшпелі бұлтты,күндіз жауын-шашын (жаңбыр,қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады,жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -9...-11 градус,күндіз шамамен 0 градус.
21 қарашада бұлтты,кей уақыттарда қар,бұрқасын болады. Түнде және таңертең тұман. Жел батыстан,солтүстік-батыстан соғады,жылдамдығы 9-14 м/с,күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус,күндіз -0...-2 градус.
22 қарашада бұлтты,түнде қар,жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан,солтүстіктен соғады,жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12 градус,күндіз -5...-7 градус.
20 қарашада Алматыда ауыспалы бұлтты,жаңбыр жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады,жылдамдығы 2-7 м/с,күндіз екпіні 10 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус,күндіз +11...+13 градус жылы.
21 қарашада ауыспалы бұлтты,кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр,қар),тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады,жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус,күндіз +6...+8 градус жылы.
22 қарашада бұлтты,тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады,жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2 градус,күндіз +1...+3 градус жылы.