️ Іздеуде жүрген күдікті қазақстандық әйел грек аралында ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Греция аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеу жарияланған алаяқты ұстады.
"2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған",- делінген хабарамада.
Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.