Саяхат жасау

Қазанда кімдерге ең жоғары жалақы ұсынылды?

Nov 12, 2024 IDOPRESS
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазанда кандидаттарға ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазанда кандидаттарға ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарын атады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазанда кандидаттарға ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарын атады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазанда жоғары жалақы бас құрылысшыларға (орта есеппен 679 мың теңге),бас техникалық мамандарға (шамамен 565 мың теңге) және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженерлерге (шамамен 554 мың теңге) ұсынылды.

Бұл ретте инвестициялық жобалар жөніндегі директор (орта есеппен 2 млн теңгеден бастап),өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің бастығы (шамамен 1,8 миллион теңге) және комбайнер (1,2 миллион теңге) лауазымына үміткер ізденушілер ең жоғары жалақыны сұрады",- делінген хабарламада.

Жалпы,қазанда ЭЕБ белсенділік төмендеді,бұл әсіресе,білім беру саласында байқалып отыр. Сонымен қатар қысқы маусымның басталуы жылу өндірісі жүйесінің жұмысшыларына сұраныстың артуына себеп болды.

Қазанда Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) 123,7 мың бос жұмыс орны және 106 мың түйіндеме орналастырылды. Алдыңғы аймен салыстырғанда іздеу және жалдау белсенділігі төмендеген: бос жұмыс орындарының саны 9 пайызға (13 мың),ал түйіндеме 13 пайызға (16,5 мың) азайған. Белсенділіктің төмендеуі білім беру саласындағы сұраныс пен ұсыныстың төмендеуімен түсіндіріледі,оқу орындарында кадрларды даярлаудың аяқталуына байланысты болуы мүмкін.