Түнде Алматыдан 262 шақырым жерде жер сілкінісі болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше,ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 қарашада Астана уақытымен сағат 04:31-де жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қытайда,Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде орналасқан",- делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.