Алматы облысының Полиция департаменті Хасан Қасымбаевтың ұсталғанын растады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өңірдің ПД баспасөз қызметі мәліметінше,азамат К. 2 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол 2021 жылдың маусымында А-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.
"Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайын жан-жақты,толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді",- делінген хабарламада.
Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.
Еске салайық,бұған дейін “Хутор“ ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі делінген Хасан Қасымбаев ұсталғаны белгілі болды. Хасан Қасымбаевтың аты Талғардағы атышулы адам өлтіру оқиғасынан кейін шыққанын айта кеткен жөн.