Ішкі істер министрлігі электрсамокаттарға қатысты құқық бұзушылық статистикасын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл электрсамокат жүргізушілері жасаған 41,6 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталған,оның ішінде мас күйінде жүргізу - 9 дерек,жалпы пайдаланымдағы жолдарда балалардың электрсамокат жүргізуіне жол берегені үшін 130 ата-ана жауапқа тартылғаны хабарланды.
"Алайда,жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары мен құқық қолдану практикасына қарамастан,электрсамокаттардың жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты жағдай әлі де күрделі болып отыр. Биылғы 9 айда электрсамокаттардың қатысуымен 144 жол-көлік оқиғасы тіркелді,онда 2 адам қаза тауып,136 адам жарақат алды. Электрсамокаттардың жүргізушілері кінәсінен 24 ЖКО болып,1 адам қаза тауып,20 адам жарақат алды",- делінген ведомствоның редакцияның сұрауына берген жауабында.