Ақтөбе тергеу изоляторында балаға азғындық жасады деген күдікке ілінген ер адам өлі күйінде табылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күдікті өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. ҚАЖД мәліметінше,зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.
"Ақтөбе қаласының аралас қауіпсіздік мекемесінде тергеу-қамауға алынған,16 жасқа толмаған балаға азғындық жасады деген күдікке адамның өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша,зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылған жоқ. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды",- деп хабарлады Ақтөбе облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.