Ақсу мәслихаты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салықтық мөлшерлемелерін негізсіз 10-нан 50 пайызға дейін ұлғайтқан,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Салық кодексінің талаптары бойынша жердің осы түріне мөлшерлемені көтеруге жол берілмейді.
"Осыған байланысты Ақсу қаласының прокуратурасы мәслихат шешіміне наразылық білдірді. Нәтижесінде салық міндеттемелері төмендетілген 760-тан астам кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтірілді. Баянауыл ауданының прокуратурасы аумақтық мәслихаттың 650-ден астам бизнес субъектілерінің құқықтарын қозғайтын осындай шешіміне наразылық білдірді",- делінген хабарламада.