Алматыда Құлжа тасжолының бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құлжа тас жолының бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
23 тамыз сағат 23.00-ден 25 тамыз сағат 07.00-ге дейін Рысқұлов-Құлжа тас жолының жолайырығынан Халиуллин-Құлжа тас жолының жолайырығына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.
Солтүстік бағытта ШААЖ және Халиуллин көшелерімен тек Талғар тас жолы арқылы жүруге болады. Құлжа күре жолымен көлік қозғалысы тек Рысқұлов даңғылының солтүстік бағытында ғана ашылады.
Жөнделетін аумақта ескерту белгілері,мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.