Саяхат жасау

Алматыда арнайы операция кезінде есірткі белгісін қоюшы ұсталды

Aug 22, 2024 IDOPRESS
Алматыда арнайы операция кезінде қала орталығында есірткі белгісін қоюшы ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz ті

Алматыда арнайы операция кезінде қала орталығында есірткі белгісін қоюшы ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда арнайы операция кезінде қала орталығында есірткі белгісін қоюшы ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер Жамбыл көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында арнайы іс-шара жүргізді. Жедел мәліметтер бойынша,есірткі белгісін қоюмен айналысқан 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

"Жеке тінту кезінде күдіктіден ақ түсті ұнтақты зат салынған 15 байлам,күдіктінің көлігінен тағы 30 дана осыған ұқсас байламдар табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр. Қаланы есірткімен қамтамасыз еткен арна да,ұсталған адамның "жұмыс берушісі" де анықталып жатыр",- деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі,1-тармағы,ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.