Қазақстанда 2025 жылы үш жаңа сот іске қосылады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жоғарғы Сотта кассациялық соттар құру мәселелері талқыланды. Ресми деректерге сүйенсек,2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елордада Бірыңғай жүгіну және қайта қарау ережелері бар үш дербес кассациялық сот іске қосылады.
"Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Жоғарғы Сот алаңында кассациялық соттар құру мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді. Кездесу тиісті заң жобасын жария талқылау шеңберінде "үздіксіз" кассацияға жоғары сұранысты ескеріп өтті. (...) Барлық спикер кассациялық соттардың құрылуын қолдап,олардың тиімді жұмыс істеуі,судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі,судьялық лауазымдарға ашық және жария іріктеу мәселелеріне ерекше назар аударды",- делінген Республика Жоғарғы сотының хабарламасында.
Талқылау қорытындысы бойынша парламентшілер мен судьялар корпусы заң қоғамдастығымен бейтарап,әділ және тәуелсіз сот төрелігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды одан әрі талқылауға дайын екендіктерін растады.