Саяхат жасау

"Сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген": полиция фейк ақпараттарға қатысты іс қозғады

Aug 15, 2024 IDOPRESS

Полиция қазақстандықтарды Қызылорда облысында жыныстық құлдыққа түскен 16 жастағы оқушының ісіне байланысты жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қазақстандықтарды Қызылорда облысында жыныстық құлдыққа түскен 16 жастағы оқушының ісіне байланысты жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін,"НеМолчи.kz" қорының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында 16 жастағы оқушыны сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы ақпарат пайда болды.

"Әлеуметтік желіде пайдаланушылар ақпараттың рас-өтірігіне көз жеткізбей,жалған ақпарат таратады. Атап айтқанда,әлеуметтік желіде "Қызылорданың мектеп ОПГ мүшелері сыныптасын секс-құлдықта ұстады" тақырыбында және осы істің төңірегінде көптеген жалған ақпарат пайда болды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды",- делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді,кәмелетке толмаған күдіктілер ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды,тергеу соты күдіктілерге қатысты үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

"Жәбірленуші тарап 6 ай бойы құқық қорғау органдарына жүгінбеген. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды,жан-жақты,толық және объективті тергеу жүргізіліп жатыр. Ата-ананың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына байланысты күдіктілердің ата-аналарына қатысты қылмыстық іс тіркелді,тергеу жүргізіліп жатыр",- деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар,ПД баспасөз қызметінің мәліметінше,әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпараттың таралуына байланысты қылмыстық іс тіркелген,бүгінде күдіктілерді анықтауға бағытталған жедел жұмыс жүргізіліп жатыр.