Ақтөбеде ер адамға найзағай түсіп,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл оқиға 8 тамызда сағат 17:00 шамасында болған. Жедел жәрдем станциясына ферроқорытпа зауытынан қоңырау түскен,онда зауыт ауласына найзағай түскені айтылған.
Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері шамамен 35 жастағы ер адамның жатқанын көрген.
Жұмысшылардың айтуынша,ер адам кешкі астан кейін далаға шыққан. Әріптестері терезеден ер адамды найзағай соққанын көрген.
Дәрігерлердің айтуынша,найзағай соққаннан ауыр жарақат алғанер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмған.
Кейінірек ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі ер адам зауыт қызметкері емес екенін айтты.