Саяхат жасау

Қызылордада "ART-Sport" шығармашылық және спорттық үйірмелеріне "Face ID" бақылау жүйесі енгізілуде

Aug 8, 2024 IDOPRESS
Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекеттік шығармашылық үйлерді,спорттық секцияларды жан басына қаржыл

Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекеттік шығармашылық үйлерді,спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру жұмыстары нәтижесін беріп келеді. Бүгінде шығармашылық үйлердегі үйірмелерге 23 мыңға жуық бала қамтылса,спорттық секцияларға 14 мыңнан астам бала қатысуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекеттік шығармашылық үйлерді,спорттық секцияларға 14 мыңнан астам бала қатысуда.

Өнім берушілерге бақылау жасау арқылы өнер,білім алушы балалардың орталықтарға толыққанды қатысуы және мемлекет қаржысын үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін "Фейс-бақылау" мобильді қосымшасы 2023 жылдың шілде айында Қызылорда облысы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында өз нәтижесін беріп,білім беру саласында мемлекеттің 3,7 млрд теңге қаражаты үнемделді.

Жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп,жаңа цифрлы шешімдер басқа салаларда да енгізуге дайын екендігін көрсетті.

Биылдан бастап осы жоба мәдениет,спорт салаларына да қолданысқа енгізіледі.

Бағдарламаны енгізудің негізгі мақсаты - бюджет қаражатын тиімді және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету.

Былтыр прокуратураның тексеруімен 40-қа жуық өнім берушілерден жалған балаларды тіркеу фактілері анықталды. Оның ішінде біразы өз еркімен мойындап бюджет қаржысын қайтадан бюджет кірісіне қайтарғандар болды. Келіспегендермен қылмыстық іс қозғалды. Әлі күнге дейін қылмыстық процестер жүріп жатыр.

Айта кету керек,мобильді қосымшасының деректер базасында алдын ала тіркелген сандық бейнеге сәйкес,бетті биометриялық оқу арқылы балаларды автоматты түрде таниды. Бағдарламаның мобильді қосымшасымен сканерден өткен бейне сандық бейнеге (код) ауысып,дереу қауіпсіз серверге сақталуға жөнелтіліп,ғаламтор мен әлеуметтік желілер арқылы тарамауына кепілдік берілген. Мәліметтер базасы,бағдарламалық жасақтама,балалардың аты-жөнінің орнына балаларға тіркеу нөмірі қолданылады (мысалы: 12345678; 23456789 және т.б.). Осылайша дерекқорда жеке тұлғаны бірегей түрде анықтай алатын жеке деректер жоқ.

"Face ID" мобильдік қосымшасымен сканерлеу барысында орташа есеппен 1 балаға 5-7 секунд ғана жеткілікті,ал,бір топтағы 25 балаға 2-3 минут уақыт ғана қажет етіледі.

Мобильдік қосымшаның блокқа түсіп қалу ықтималдығы өте төмен,мобильдік қосымша үзіліссіз жұмыс жасау үшін резервтік сервермен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі күні,облысымыздағы 230 ауылдық елді мекеннің 210-ы мобильді интернетпен (2G,3G 4G,ADLS,ВОЛС,Спутник) толық қамтамасыз етілген.

Ал,20 ауылдық елді мекен тек байланыс желісімен қамтылған.

"Face ID" мобильді қосымшасы барлық мобильді операторлардың интернет желісінің ең төменгі (Е) жылдамдығында қолданылуға мүмкіндігі бар.