Саяхат жасау

Алматыда тұрғын үй кешені сүріліп жатыр

Jul 30, 2024 IDOPRESS
Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Қала құрылысын бақ

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Заңсыз салынып жатқан кезекті тұрғын үй кешені – "Graff" ТҮК соттың шешімі бойынша бұзылды. Бұл нысан Ерменсай ш/а,7,7 / 71 учаскесінде,яғни үш жер телімінде тиісті рұқсат құжатсыз салынған.

"2023 жылы 20 қаңтарда басқарма тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты заңбұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып,әкімшілік шаралар қабылдады,ал кейінірек Бостандық аудандық сотына бұзуға талап арыз берді",- делінген хабарламада.

Былтыр 24 шілдеде аудандық соттың шешімі бойынша,басқарманың заңсыз құрылысты бұзу туралы талап арызы қанағаттандырылды. 2023 жылдың 19 қазанында апелляциялық сот бірінші сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Нысан 29 шілдеде Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады.