22 шілдеде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полицейлеріне адамның сүйегі табылғаны туралы хабарланды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалып өткізіліп жатыр",- деп жазды ол.
Үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен болатын.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда.