Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Jul 16, 2024 IDOPRESS
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілш

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

16 шілдеде елордада көшпелі бұлт шығады,өткінші жаңбыр жауып,найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20,күндіз 27-29 градус жылы.

17 шілдеде көшпелі бұлт шығады,кей жерлерде жаңбыр жауады,найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19,күндіз 25-27 градус жылы.

18 шілдеде көшпелі бұлт шығады,найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге ауысады. Ауа температурасы түнде 16-18,күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

16 шілдеде қалада көшпелі бұлт шығады,өткінші жаңбыр жауады,найзағай ойнайды. Батыстан соққан жел 3-8,екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 18-20,күндіз 28-30 градус жылы.

17-18 шілдеде көшпелі бұлт шығады,күн күркірейді,күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 3-8-шығысқа ауысады,екпіні секундына 18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22,күндіз 30-32 градус жылы.