Ақтөбеде тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкенінде 4 шаршы метр алаңда тоңазытқыш өртенді. Өрт кезінде 7 адам құтқарылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
"Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде жойылды. ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 7 адам құтқарылды,оның ішінде 3 бала,жоғарғы қабаттардан 5 бала және 11 ересек эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ",- делінген хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.