Алматыда Алмалы аудандық №2 сотына ер адам әпкесінің өліміне кінәліден моральдық шығын ретінде 50 миллион теңге өндіріп беру туралы талап арызбен жүгінді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жауапкер бұрынғы зайыбымен жанжал кезінде оған 18 рет пышақ салған. Осындай көптеген жарақаттан әйел ауруханада қайтыс болды.
"Қайтыс болған әйелдің ағасы қойған талабында қарындасының өлімі оған және барлық жақындарына ауыр қайғы-қасірет әкелгенін атап көрсетті. Оның әжесі мен әкесі уайым-қайғының салдарынан қайтыс болған. Ол отбасына келтірілген моральдық зиянды 50 миллион теңгеге бағалады.
Жауапкердің өкілі қойылған талапты мойындамай,әйелдің өліміне кінәлі адамға қылмысы үшін жаза қолданылғанын – оның 11 жылға бас бостандығынан айырылғанын және қойылған талапта көрсетілген соманың қолында жоқ екенін атап көрсетті",- делінген сот мәліметінде.
Сот қойылған талапты ішінара қанағаттандырды. Парасаттылық пен әділдік талаптарын басшылыққа ала отырып,талап қоюшының пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 10 миллион теңге өндірілді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.