Полицейлер қызметтік көліктен домбыраның бейнесін жасады

Jul 8, 2024 IDOPRESS
ШҚО полициясы Ұлттық домбыра күніне орай қызметтік көліктерден домбыраның бейнесін жасады,- деп хабарлайды

ШҚО полициясы Ұлттық домбыра күніне орай қызметтік көліктерден домбыраның бейнесін жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО полициясы Ұлттық домбыра күніне орай қызметтік көліктерден домбыраның бейнесін жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мереке қарсаңында облыстық Полиция департаментінің шеру алаңында 20-ға жуық қызметтік автокөлік ұлттық аспап түрінде орналасты.

Суретті толықтырған музыканттар әйгілі композитор Құрманғазының күйін орындады.

"Қасиетті домбыра әрқашан ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Бұл - ғасырлар тарихын бейнелейтін бойтұмарымыз. Оның үні жаңа жетістіктерге дем беріп,Отанымыз - Қазақстан Республикасының гүлденуіне үлес қоса берсін",- деді ШҚО ПД бастығы генерал-майор Ерлан Омарбеков.