Эмомали Рахмон ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәжікстан президентін Астана әуежайында премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды. Эмомали Рахмон 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.