Солтүстік Қазақстан облысында Полиция департаменті госпиталінің басшысы ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін мессенджерлерде госпиталь басшысы пара алды деген күдікке ілінгені туралы хабарлама тараған болатын.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке госпиталь басшысының ұсталу дерегін растады.
"Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы билікті немесе қызметтік өкілетін асыра пайдалану дерегі бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр",- деп түсіндірді ведомство.