Өткен аптада аймақ басшысы Бесқарағай ауданының тұрғындарымен кездессе,сондай-ақ алдағы перспективалар ұсынылды.
«Өткен жылғы кездесулердің нәтижесінде көптеген өзекті мәселелер шешілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Біз ағымдағы және алдағы бес жылға арналған барлық жоспарды сәтті жүзеге асырудамыз. Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Біздің даму бағытымызды айқындайтын Кешенді даму жоспары қабылданды»,- деді Нұрлан Ұранхаев.
Бородулиха ауданы минералды-шикізат ресурстарына бай: мыс,мырыш,алтын және күміс. Өнеркәсіп секторын дамыту шеңберінде 2028 жылға дейін облыста 7 мың жұмыс орнын құру,2 трлн теңге сомасына 22 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазірдің өзінде 5 инвестициялық жоба іске асырылып,1040 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін 17,2 млрд теңгеге тағы 7 жоба іске қосу арқылы 385 жұмыс орнын құру көзделген.
Халықтың өмір сүру сапасын одан әрі арттырудың негізгі факторы – тұрғын үй-коммуналдық және көлік инфрақұрылымын дамыту. Желілердің тозуын төмендету мақсатында 41,2 км су құбыры желілері қайта жаңартылды,бұл желілердің 51% тозу көрсеткішін 49,6%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 20 елді мекенде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 102 жоба іске асырылмақ. Оның ішінде блок-модульді қазандық және Жаңа Шүлбі ауылында 1,1 шақырым жылу желісінің құрылысы,сондай-ақ ауданның үш ауылында көше жарығын орнату жұмыстары бар.
Денсаулық сақтау саласындағы негізгі міндет медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып қала береді. Медициналық жабдықтар паркін жаңарту және қосымша медициналық қызмет көрсету орталықтарын құру жалғасуда. Жыл соңына дейін жүктіліктің ерте кезеңдерінде патологияларды анықтау орталығы құрылады. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы жоспарлануда.
Кездесу соңында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өтті. Әкімнің жеке қабылдауында болған әр азаматқа толық жауап қайтарылып,қойылған сұрақтарға қатысты басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.