Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 маусымдағы №153 өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:
"Казахстанская правда" республикалық газетінің бас редакторы – Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа;
"Turkistan" халықаралық газетінің бас редакторы – Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке;
"Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігі" ЖШС бас редакторы – Елена Андреевна Преображенскаяға;
"Astana aqshamy" республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы – Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға берілді;
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:
"Qazaqstan" ұлттық телеарнасы "Ақорда" бағдарламасының авторы-продюсері – Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа;
"Хабар" агенттігі" АҚ арнайы тілшісі – Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға;
"Jibek joly" телеарнасының тілшісі – Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа;
"Орал өңірі" газеті бас редакторының орынбасары – Гүлсезім Ерболатқызы Бияшеваға тапсырылды;
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:
"24KZ" телеарнасының шығармашылық ұжымына;
"Литер" республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына; 3. "Baqkz" ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына;
"Ақтөбе" облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына жарияланды.