Грекия БАҚ-тарында Гидра аралындағы орманды өртеген күдіктілерге қатысты түсінбеушілік туындады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елдегі ақпарат агенттіктерінің мойындауы бойынша,"өрт қоюшылардың" азаматтығына қатысты түсінбеушілік туындаған.
"Қайықты жалға алған туристердің ұлтына қатысты түсінбеушілік бар,өйткені кейбір ақпарат көздері оларды Пәкістаннан,ал басқалары Қазақстаннан дейді",- деп жазады sinidisi.gr порталы.
Бұл ретте,News Break порт басшылығы өрт сөндіру қызметімен бірлесіп,портта қандай қайықтардың болғанын анықтады деп жазады."Отшашу атылған кезде шығанақта тек Пәкістанның 17 азаматы жалға алған қайық болған",- деп жазылған жазбада.
Басқа ақпарат құралдары яхтаны Қазақстаннан келген туристер жалға алған деген болжамды ұстануды жалғастырып отыр.
"Персефон" туристік қайығының 13 экипаж мүшесі қамауға алынған.
Sinidisi порталы мәліметінше,төтенше жағдайға кінәлілер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе ірі көлемде – 10 мыңнан 200 мың еуроға дейін (4,9 миллионнан 99,5 миллион теңгеге дейін) айыппұл төлеуі мүмкін. Яхтаның капитаны мен экипажы өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарады.
Қазақстан СІМ Грекия аралындағы орманды өртеу оқиғасына қатысты пікір білдірді
Еске салайық,бұған дейін Грекия БАҚ-тары Қазақстаннан келген туристер Грекияның Гидра аралында яхтадан отшашу атып,орман өртіне себеп болғаны туралы хабарлаған болатын.
21 маусымда кешке демалушылардың жалға алған яхтасынан жағаға отшашу атылғаны хабарланды. Салдарынан қарағайлы орманда өрт тұтанған. Өртті сөндіруге өртсөндірушілер мен еріктілер қатысты. Оған тікұшақ та тартылған.