Әзербайжанда қылмыскер мылтықтан оқ жаудырып,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республиканың Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға Бакудегі Шувелан ауылында болған. Хабарламаға сәйкес,күдікті іздеуде жүрген,бірнеше рет сотталған 1986 жылы туған Аллахвердиев Ровшан Огтай оглу. Ол ұстау операциясы кезінде полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен.
"Отбасы мүшелерін және жағдайды пайдаланып,ер адам Lancaster аңшы мылтығынан оқ жаудырып,үш полиция қызметкері мен бір тұрғынды атып өлтірді",- делінген хабарламада.
Аллахвердиевті полиция қызметкерлері залалсыздандырған. Қылмыстық іс қозғалып,тергеу жалғасып жатыр.