Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арналған болжам
26 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады,жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 14-16,күндіз 30-32 градус жылы.
27 маусымда көшпелі бұлт шығады,жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20,күндіз 33-35 градус жылы.
28 маусымда көшпелі бұлт шығады,жаңбыр жауады,күн күркірейді,күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14,күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы,күндіз 34-36 градус жылы.
Алматыға арналған болжам
26 маусымда мегаполисте көшпелі бұлт шығады,жауын-шашын болмайды. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 20-22,күндіз 33-35 градус жылы.
27-28 маусымда көшпелі бұлт шығады,өткінші жаңбыр жауады,күндіз найзағай ойнайды. Жел 3-8,екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 24-26,күндіз 35-37 градус жылы.