itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Қазақстандықтарға "ҚР Жол полициясы департаменті" деген тақырыппен төленбеген әкімшілік айыппұлдар туралы келетін күдікті SMS-хабарламалардың жиілеп кеткені ескертілді,деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облысының ПД-не сілтеме жасап.
"Өңір тұрғындарына "ҚР Жол полициясы департаменті" атынан айыппұлдар туралы күдікті SMS-тер жиі келе бастады. Бұл - күмәнді сілтемелер арқылы ақшаңыз бен жеке деректеріңізді қолды етуді көздейтін алаяқтардың айласы",- делінген хабарламада.
Осыған байланысты полиция өңір тұрғындарын барынша сақ болуға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын тек мемлекеттік сервистер арқылы тексеруге болады:
qamqor.gov.kz
eGov.kz
сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларынан.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қарағанды полициясының (@policeofkaraganda) жарияланымы
Еске сала кетейік,бұған дейін ІІМ қазақстандықтар мен ата-аналарға мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі аккаунттардың алаяқтық схемаларға пайдаланылу жағдайлары туралы ескерту жасады. Ведомство мәліметінше,жасөспірімдер сыйақы үшін сим-карталар мен аккаунттар тіркейді,кейін оларды қаскөйлер азаматтарды алдау үшін пайдаланады.