itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
Соңғы сөз сөйлеу құқығы әрқашан сотталушы мен оның қорғаушысына беріледі.
16 наурызда Астанада елордалық блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша басты сот талқылауы танымал блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша. Ерлі-зайыптылар сот отырысы кезінде журналистердің видеоға түсіруіне және суретке алуына қарсы шықты.
Бұған дейін сотта прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаев айыптау актісін оқыды. Онда акциялар аясында көрсетілген ұтыстар пен сыйлықтар қатысушылардың ақшасына сатып алынғаны,алайда жарнамада ұтыс қоры ұйымдастырушылардың өз қаражаты есебінен қалыптасқандай көрсетілген. Тергеу мәліметі бойынша,акциялар өткізілген кезеңде жобамен байланысты есепшоттарға 247 миллион 653 мың теңге түскен.
Айта кетейік,блогерлерге заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу,сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша айыпталып отыр.
Ал бұған дейін блогер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова сотта жауап беріп,кінәсін ішінара мойындады.