Технология және ғылым

Тоқаев Трампты “Артемида-2“ миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

Apr 12, 2026 IDOPRESS
itemprop=\"image\" itemscope itemtype=\"http://schema.org/ImageObject\"> Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты \"Артемида-2\" миссиясының табыст

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты "Артемида-2" миссиясының табысты орындалуымен құттықтады,- деп хабарлайды

Мемлекет басшысы "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдап,адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті.

Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың,инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп,білім көкжиегін кеңейтетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа "Артемида" бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.