Технология және ғылым

Бауыржан Артықов “Батыс“ өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды

Mar 31, 2026 IDOPRESS
itemprop=\"image\" itemscope itemtype=\"http://schema.org/ImageObject\"> Президент Қасым-Жомарт Тоқаев \"Батыс\" өңірлік қолбасшылығы әскерле

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын лауазымынан босатты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды",- делінген хабарламада.

Бауыржан Артықов бұл лауазымды 2024 жылғы ақпаннан бері атқарды. Бұған дейін ол Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментін басқарған.