Ақтаулық ерлі-зайыпты блогерлер заңсыз лотереяға қатысты тергеуге алынды

Jun 20, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерл

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда ерлі-зайыптылар Instagram,TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандары бола тұра,ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған.

"Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан,олар автокөлік,пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан. Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес,бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан",- делінген хабарламада.

Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 миллион теңгеден асқаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.