Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға арналған кеңесте сатып алу және мердігерлерді таңдау электрондық платформасын құруды,сондай-ақ Smart Turmys жүйесін іске қосуды жеделдетуді тапсырды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.
Smart Turmys – бұл су,жылу және электр қуатының есебін жүргізетін бірыңғай цифрлық платформа. Сонымен қатар инвесторлар,мердігерлер мен азаматтар қажетті ақпарат ала алуы үшін call-орталық пен ресми сайт іске қосылады.
Барлық шара бақылауды күшейтіп,сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған. Басты мақсат – коммуналдық қызметтерді сенімді әрі заманауи ету,ал жаңғырту процесін ашық әрі түсінікті ету,деп атап өтті телеарна.