Технология және ғылым

Астанада қай көшелер жабық: тізім

Jun 3, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада жол жұмыстары жалғасып жатыр. Бірқатар көше толық немесе ішінара жабылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толығымен жабылған көшелер:

20 сәуірден 20 тамызға дейін – Бұқар Жырау көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Қайсенов көшесіне дейінгі учаскесінде (кварталішілік жолдармен баламалы қозғалыс ұйымдастырылады);

9 сәуірден 30 тамызға дейін – Күйші Дина көшесі Мирас мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейін;

29 сәуірден 30 тамызға дейін – Ж.Молдағалиев көшесі Е-41 көшесінен Е-32 көшесіне дейін (Қозғалыс балама көшелер мен кварталішілік жолдармен ұйымдастырылған);

3-18 маусым аралығында – Бұрабай көшесі Хантау көшесінен Ш. Құдайбердыұлы даңғылына дейін;

26 мамырдан 10 маусым аралығында – Солтүстік айналма жолы 191 көшесінен Өндіріс көшесіне дейін;

Ішінара жабылған көшелер:

11-17 мамыр аралығында – Ш.Айтматов көшесі Ж.Молдағалиев көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);

30 мамыр - 8 маусым аралығында – Тұран даңғылы Сарайшық көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейін (бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы қаладан әуежайға қарай бір бағытта ұйымдастырылған);

1 мамырдан 1 тамызға дейін – Ш. Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылының қиылысындағы көлік айырбасы (қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жолмен уақытша ұйымдастырылған);