БҚО-да “Бөкейорда“ резерватының бас директоры ұсталды

May 28, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Батыс Қазақстан облысында \"Бөкейорда\" мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры жемқо

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры жемқорлық бойынша күдікке ілінді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты РММ-нің бас директорына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Ол резерватта шын мәнінде еңбек етпеген тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір оның басқа қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр",- деп жазылған хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр.