ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Грузия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай осы елдің Президенті Михаил Кавелашвилиге құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан Президенті кейінгі жылдары Грузияның демократиялық институттарды нығайту,экономиканы жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын көтеру ісінде айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс,ал достас Грузия халқына бақ-береке тіледі.