Түлектер ұшыраған жол апаты: көліктің ішінен түсірілген видео пайда болды

May 27, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Жаңаөзенде мектеп бітіруші түлектердің жол апатына ұшыраған сәттің видеосы әлеуметтік желі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде мектеп бітіруші түлектердің жол апатына ұшыраған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрлар көліктің ішінен түсірілген,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасына үш бірдей автокөлік ұшыраған: Toyota Hilux,Toyota Land Cruiser 100 және Lexus LX 450. Көліктердің бірінде түлектер отырған,абырой болғанда,зардап шеккендер жоқ.

Toyota Hilux жүргізушісі (ол түлек емес) жол жиегімен көліктерді басып озуға тырысқан. Бірақ бір сәтте колоннадағы көліктердің бірі - Land Cruiser 100 кенеттен жол жиегіне шығып,соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған. Салдарынан ол Lexus LX 450-ге соғылған. Ал пикап жолдан шығып кеткен.

Полиция мәліметінше,Hilux жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылған. Lada.kz дерегі бойынша,енді оған 78 640 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл салынуы немесе алты айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Көлік айып тұрағына қойылды.