Алматыда жантүршігерлік жол апаты екі адамның өмірін қиды

May 21, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Алматыда 19 мамырда кешкі уақытта екі адамның өмірін қиған жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 19 мамырда кешкі уақытта екі адамның өмірін қиған жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын полиция хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше,қайғылы оқиға сағат 22:00 шамасында Құлжа тасжолында болған. Volkswagen жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп,жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды",– деді полиция өкілдері.

Екі адамның өліміне алып келген жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалған.