Қайғылы оқиға: Астанада көпқабатты үйдің ауласында жүк көлігі баланы қағып кетті

Apr 24, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Астанада көпқабатты үйдің ауласында жүк көлігі баланы қағып кетіп,ол қаза тапты,- деп хабарл

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көпқабатты үйдің ауласында жүк көлігі баланы қағып кетіп,ол қаза тапты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай 23 сәуір,сәрсенбіде "Капитал Парк" тұрғын үй кешенінде болған. Астана Полиция департаментінің мәліметінше,Dongfeng маркалы жүк көлігін тізгіндеген 38 жастағы жүргізуші Әл-Фараби көшесіндегі аула ішінде велосипед теуіп келе жатқан алты жастағы баланы қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасынан кейін бала ауруханаға жеткізілген,алайда алған жарақаттарынан қаза болды.

Астана Полиция департаменті жүргізушілерге аулалар мен тұрғын үй аймақтарында барынша сақ болуды және жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.