Алматыда қыз 18-қабаттан құлап қаза болды

Apr 9, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ 8 сәуірде Алматыда қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап,қаза болды,- деп хабарлайды Tengrinews.

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 сәуірде Алматыда қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап,қаза болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Қыз 18-қабаттан құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша,марқұм 20 жаста болған.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған.

"Қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр",– деді полиция өкілдері.